+7 (727) 267-28-83

674  наурыз, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен  ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы желісімен құрылған спектакльдің премьерасына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ілияс Жансүгіров – қазақ ақыны, ұлттық поэтикалық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып, шығармашылығы арқылы қазақтың ауызша халықтық өнерін дамытты. Ақын өзін әртүрлі жанрда: поэзия, проза және драмада көрсетті.

Кітап көрмесінің мақсаты – қазақ ақыны, драматург, орыс және шетел жазушылары мен ақындарының аудармашысы Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын кеңінен насихаттау. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, өлеңдері мен пьесалары көрсетілді. Іс-шараға қатысушыларға арналған кітап көрмесіне «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы А.Н.Қашағанова шолу жасады.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында жас, талантты режиссер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Фархад Молдағалидің жаңа «SounDrama» жанрындағы «Құлагер» спектаклінің премьерасы ұсынылды.

«Құлагер» спектаклінің премьерасына КСРО халық әртісі А.Әшімов, Қазақстанның халық әртісі Е.Обаев, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Н.Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Тілендиев, І.Жансүгіровтің немересі Ажар Джандосова, жазушы С.Балғабаев, театр зерттеушісі А.Мұқан, белгілі қазақ әншілері Н.Албан, Ж.Айжанова және т.б. қатысты.

64   69
66   68

 

Сайтта

Қазір сайтта 125 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.