+7 (727) 267-28-83

DSC 00302020 жылғы 3 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Қайнар академиясының ұйымдастыруымен көрнекті түрколог-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағдыры және ұлт ұлағаты» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін Қайнар академиясының ректоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Омаров Еренғайып Сәліпұлына берді. Ол – Е.С. Омаров көрнекті ғалым Шора Сарыбаевтың отандық ғылымға қосқан зор үлесі туралы  жылы лебізімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы.

Шара аясында Абай атындағы Қазақ ҰПУ профессоры, ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, п.ғ.д., профессор Оразбаева Фаузия Мүсілімқызы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас қызметкері, ҰҒА-ның  корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы, Абай атындағы Қазақ ҰПУ профессоры, ҰҒА-ның  академигі, п.ғ.д., профессор Сманов Бақтияр Өрісбайұлы, «Астана Халықаралық қаржы орталығы» Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҰҒА-ның  корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Құрманбайұлы Шерубай және тағы басқалар академик Шора Сарыбаевтың өмірі мен ғылым жолына  тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағдыры және ұлт ұлағаты» атты көрме ұйымдастырылды.

DSC 0043   DSC 0052
DSC 0073   DSC 0047