+7 (727) 267-28-83

42020 жылы 26 ақпанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және тәжірибе алу мақсатымен «Қазгидромет» РМК Республикалық деректер қорын архивтеу басқармасының мамандарына бір күндік оқу-әдістемелік дәрістері өткізілді.

Тыңдаушылар Цифрлық технологиялар қызметінің жұмысымен танысты, соның ішінде электрондық құжаттар қорын қалыптастыру ерекшеліктерімен, электрондық құжатты жасау және Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасына жүктеу (КАЗНЭБ), құжаттарды цифрлау ережелері және сканерлеу жабдықтарымен танысты, электрондық құжаттарды жасаудың бүкіл жұмыс үдерістері көрсетілді.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» тыңдаушылары Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты, отандық Web-Rabis бағдарламасының  «Іздеу және тапсырыс» модулінің жұмысы жөнінен кеңес алды, Ақпараттық ресурстар қызметінде – каталогизациялаудың негізгі және жалпы ережелерімен танысты.

«Қазгидромет» мамандары ҚР Ұлттық кітапхана жанынан құрылған Каталогизатор мектебі және Жазба құжаттарды сақтау және қалпына келтіру мектебінің жұмысына үлкен қызығушылық танытты.

Сайтта

Қазір сайтта 352 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.