+7 (727) 267-28-83

DSC 01392020 жылғы 25-ақпанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа  аманат» атты мерейтойлық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті. 

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресейдің Бас консулдығымен және Алматы қаласындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығымен ардагерлерді құттықтап, Ұлы жеңіске арналған кітапханадағы іс-шараларға тоқталды. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулының консул-кеңесшісі Соколов Степан Александрович,Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары, Консул Переверзева Ирина Владимировна, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, полковник, профессор Серікбаев Ким Серікбайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Әлдибеков Бақыт Беделханұлы сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтады.

Іс-шараға: Алматы қаласының дипломатиялық корпустарының жетекшілері, ардагерлер одақтарының төрағалары мен өкілдері, халықаралық ұйымдар, мұражайлар, мұрағаттар, театрлар қызметкерлері, ҚР Жазушылар одағы мен Журналистер одағының өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ЖОО оқытушылары мен студенттері, әскери бөлімдер, БАҚ және т. б. қатысты.

Мерекелік шарада №54 И.В. Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінің вокалдық ансамблі «Жұлдыздар» мен скрипкалық ансамблі «Дивертисмент», «Славян базары» бүкіләлемдік конкурсының лауреаты Әділхан Макин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы опера және балет театрының жеке орындаушысы Болат Бүкенов, кіші лейтенант, дирижер Арман Иесаливтің жетекшілігімен Алматы қаласындағы «ҚР Қарулы күштерінің ұлттық-әскери патриоттық орталығының» әскери оркестрі және тағы басқалар кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан  «Ұлы Жеңіске – 75 жыл»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Осы мерейтойлық шарамен ҚР Ұлттық кітапханасындағы  кеңестік фильмдерді  көрсету кинодекадасы басталды. 

DSC 0062 1   DSC 0042   DSC 0104
DSC 0158   DSC 0146   DSC 0212

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.