+7 (727) 267-28-83

IMG 20200224 WA0005

2020 жылғы 24 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының жанынан құрылған Каталогизатор мектебінде Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметкерлеріне біркүндік оқу-әдістемелік сабақтар өтті.

Тыңдаушылар библиографиялық жазбаларды құру ережесін реттейтін құжаттармен, каталогтаудың негізгі және жалпы ережелерімен, сонымен қатар, нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда Халықаралық әмбебап ондық жіктеу жүйесі (ӘОЖ) бойынша құжаттарды жүйелеу, бас каталогтың жұмысын жүргізу, құжаттарды КБЖ және ӘОЖ бойынша орналастыру мәселелері қарастырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы ресурстарды машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын барлық мамандарды Каталогизатор мектебіне оқуға шақырады.

IMG 20200224 WA0002