+7 (727) 267-28-83

2«Қазақстан кітаптары» оқу залында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Тағзым және данқ жылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда нацистік кезеңде басталды, 1939 жылғы  кеңес-герман шарттарын бұзған Германия КСРО-ға шабуыл жасады. Соғыс Кеңес  Одағының барлық халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.

Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы: соғыс біздің миллиондаған отандастарымыздың жүрегінде өшпес із қалдырды. «Ұлы Отан соғысы»  ̶  біздің заманымызда ғана емес, болашақ үшін де игілікті және толғандыратын әрі қызықты тақырып.

Қазақстандықтар біріңғай елдің азаматтары ретінде соғысқа белсенді және жаппай қатысты. Көптеген еріктілер майданға аттанып, Мәскеу, Сталинград және Курск доғасының астында шайқасты. Майданға республиканың 18-ден 50 жасқа дейінгі ер азаматтарының 70 пайызы кетті. Ұлы Отан соғысының 1418 күні Кеңес мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан тарихында аса күрделі кезең болды. Солдаттар мен офицерлер өз өмірлерін аямай, фашистерді талқандап, фашистік Германияны тізе бүктірген. Рейхстагқа жеңіс туын лейтенант Р. Қошқарбаев, сержант М. Егоров, кіші сержанттар М. Кантария, П. Щербина, қатардағы жауынгерлер Г. Булатов, И. Прыгунов және Н. Бык сияқты азаматтар тікті. Кеңес Одағының Батыры атағы 497 қазақстандықтарға берілді.

Қазақстан майданды әскери техникамен, тамақпен және киіммен қамтамассыз етуде үлкен рөл атқарды. Көптеген зауыттар мен фабрикалар елге көшіріліп, майданның тұрақты арсеналына айналды. Барлық кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға көшті.Тылдың негізгі ауырлығын зауыттар, колхоздар, өнеркәсіп кәсіпорындары алды. Ауыр жағдайларда әйелдер, қарттар мен балалар майдангерлерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып, жанкешті еңбек етті.

Жеңіс күніне орай дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді. Көшелерде әскери техникалар, ат шеруі, Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі, мерейтойлық отшашу өтеді. Концерттер, мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерейтой медальдарын тапсыру, суретшілердің, халық шығармашылығының, Ұлы Отан соғысына арналған кітаптардың көрмесі және т.б. ұйымдастырылады.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Тағзым және данқ жылы» атты кітап көрмесіне 1939-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы оқиғалары, қазақстандықтардың жалпы Жеңіске қосқан үлесі, олардың фашистер басып алған аумақтарды азат етуге қатысқан  ұрыстары, тылдағы адамдар өмірінің қиындығы және т.б. туралы материалдар қойылды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 163 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.