+7 (727) 267-28-83

1«Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда  Семей облысы Шұбартау ауданында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында) дүниеге келген. 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

М.Мағауин еңбек жолын 1965 жылы  «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі болып бастаған, 1967- 1970 жж. - «Жазушы» баспасы бас редакторының орынбасары, 1970-1971 жж. - «Жалын» альманахы, 1971-1976 жж. - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, 1976-1983 жж. - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қаз ҰПУ) қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доценті, 1984-1986 жж. -«Жазушы» баспасының бас редакторы, 1986-1988 жж. - шығармашылық жұмыста, 1988 жылы – «Жұлдыз» журналының бас редакторы.

Жазушының алғашқы «Кешқұрым» әңгімесі 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған.    

Мағауин көптеген жинақтардың, романдардың, повестер мен әңгімелердің авторы. Атап айтқанда: «Ақша қар» (1969), Бір атаның балалары» (1973), «Қияндағы қыстау» (1977), «Көк кептер» (1979), «Көк мұнар» (1971), «Шақан шері»(1984). Аласапыран роман-дилогиясында (екі томдық) (1981-1983) автор Қазақ  хандығының Тәуке хан  тұсында (ХVI ғасырдың аяғы – ХVIІ ғасырлардағы) Қазақстанның Ресеймен тарихи байланысын және қоғамдық-саяси қатынастарын сенімді түрде сипаттайды. Тарихи, көркем шығармаларында жазушы белгілі бір тарихи кезеңнің қайталанбас дәмін, адамдардың өмірін, салт-дәстүрлерін, армандары мен тілектерін бейнелейді.

М.Мағауин – «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» (1992), Хрестоматия (1993) және басқа да оқулықтардың авторы, оның еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Ол С. Моэмнің таңдамалы әңгімелер жинағының, Х. Хаггердің «Сүлеймен патшасының шахталары» романын және т.б. қазақ тіліне аударған. М. Мағауин талантының ерекшелігі – ол өз халқының тарихын терең түсініп қана қоймай, оны әдеби шығармаларда шынайы бейнелейді.

М. Мағауиннің еңбегі Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен еленді (1984). «Түркі әлемінің ең жақсы  жазушысы»  Түрік халықаралық сыйлығының  (1997), «Тарлан» (2002) сыйлығының иегері. Қазіргі уақытта М.Магауин Прага (Чехия) қаласында тұрады.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған  мақалалар ұсынылған. 

Кітап көрмесіне шақырамыз!    

Сайтта

Қазір сайтта 167 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.