2020 жылғы 21 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Тұсаукесер рәсімді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы қаласындағы бюросының жетекшісі, жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбекке берді.
Шара аясында филология ғылымының докторы Айгүл Ісмақова, филология ғылымының докторы Төкен Қонысбайқызы, жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай, журналист, аудармашы, ҚР Мәдениет қайраткері Любовь Шашкова, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология кафедрасының меңгерушісі Алуа Таңжарық, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология кафедрасының меңгерушісі Алуа Темірболат және тағы басқалар «Қасірет пен Тағдыр» романы жайында пікірлерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.
Шара соңында автор оқырмандарына кітаптарын сыйға тартып, өз қолтаңбасын қалдырды.
Іс-шараға ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.