+7 (727) 267-28-83

egemenҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Казахстанская правда» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған тұрақты көрме ұйымдастырылды.

«Казахстанская правда» − республикалық қоғамдық-саяси және күнделікті шығатын басылым. Газет республикалық қоғамдық-саяси  және республикадағы ресми және іскерлік ақпараттың негізгі көзі болып табылады. «Казахстанская правда» газетінің негізгі міндетті - елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпараттарды тарату.

«Казахстанская правда» газетінің беттерінде Қазақстан Президентінің, парламенттің қаулылары мен үкімдері, Үкімет жарлықтары, республиканың жаңа заңдары, жоғарғы билік органдарында қайта тағайындаулар туралы хабарламалар жарияланады. «Казахстанская правда» газетінде жарияланғаннан кейін үкімет құжаттары күшіне енеді. Газет елімізде және шет елдерде болып жатқан маңызды оқиғаларды да қамтиды. Тілшілер қоғамда туындаған мәселелер туралы  аналитикалық материалдарды кеңінен насихаттайды.

Редакцияның үндеуінде «басылымның бірінші міндеті – аймақтағы заңдылықты, халықтың өмірі мен қызметіне басшылық ететін Үкімет актілерін енгізу делінген. «Ресми орган ғана емес  кең байтақ қазақ өлкесінің қажеттіліктері мен сұраныстарын білдіретін ұлттық газет болатын баспа органын кезең-кезеңімен құру» мақсатты болып жарияланды. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының пайда болуымен газеттің мәртебесі де көтерілді. 1921 жылдың шілдесінен бастап ол РКК және республиканың Орталық Атқару Комитетінің органы болды. 1923 жылдан бастап аптасына алты рет шыға бастады. Бастапқы атауы «Известия Киргизского края», 1921 жылдан бастап «Степная правда», 1923-1932 жылдары газет «Советская степь» атауымен жарық көрді. Қазақ аймақтық комитеті III Пленумының шешімімен газет «Казахстанская правда» болып аталды. Осы атаумен 1932 жылы 21 қаңтарда алғашқы нөмірі жарық көрді.

Газетте талантты журналистер өшпес із қалдырды. Олардың қатарында: Ольга Бергольц; Павел Кузнецов – Жамбылдың танымал аудармашысы, соғыс жылдарында – «За Родину» Панфилов бөлімшелік газетінің редакторы және «Правда»  газетінің арнайы тілшісі; Павел Рогозинский мен Сергей Крушинский – көрнекті кеңестік публицистер. 1932 жылдан бастап «Казахстанская правда» Орынборда, Қызылордада және Алматыда жарық көрді. 1999 жылы редакция Алматыдан   Астанаға көшті.     1945 жылы 9 мамырда Жеңіс күніне орай «Казахстанская правда» газетінің Германия қарулы күштерінің сөзсіз тізе бүгуі туралы туралы актісіне, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 9 мамырды Жеңіс күні деп жариялауға арналған шұғыл нөмірі жарық көрді. «Известия Киргизского края» газетінің алғашқы редакторы революциялық комитеттің мүшесі Седельников болды. Оның орнына белгілі публицист А.М.Лежава-Мюрат келді.    Газет жазылым арқылы Қазақстанның барлық аймақтарына таратылады. 2019 жылы таралым 100 000 данадан асты.    Газеттің бас редакторы Асыл Сағымбеков.1958 жылы 23 наурызда «Казахстанская правда» газетінің 10 000 саны жарық көрді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен газет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Кеңес жылдарында «Казахстанская правда» газетінің 50 жылдығы атап өтілді және Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы тапсырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан танымал жазушылар мен журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған.

     Көрмеге шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 163 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.