+7 (727) 267-28-83

image 14 01 20 05 01 16

2020 жылғы 13 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залында Ілияс Жансүгірұлының 125 жылдық мерейтойына орай ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған журналистер мен әдебиетші ғалымдар арасында ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, журналист Нұртілеу Иманғалиұлы конкурстың өтуіне ықпал етіп, қолдау көрсеткен Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімшілігіне және ҚР Ұлттық кітапхана ұжымына өз алғысын білдіріп, Қостанай қаласынан арнайы келген Ілияс мұрасын насихаттаушы Нағашыбай Алпысовтың иығына шапан жапты.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Ілияс Жансүгіровтің ұрпағы Саят Жансүгіров, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, «Ілиястану» орталығының жетекшісі, ф.ғ.д профессор Мұратбек Иманғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбай,  Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі Алиев Данияр,  Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов, І.Жансүгіров қоғамдық қорының төрағасы Сәбит Қорғанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділманов  және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі.

Шара аясында Ілияс Жансүгіровке арналған өлеңдер оқылып, қазақ дәстүрлі ән өнерін дәріптеуші Нұржан Жанпейісов пен Еркін Шүкіманов әннен шашу шашты.

https://drive.google.com/file/d/1bnppBPTWM9haobo_r5_OlCqet5v-gntL/view?usp=sharing

image 14 01 20 05 01 6   image 14 01 20 05 01 13
image 14 01 20 05 01 6   image 14 01 20 05 01 21

 

Сайтта

Қазір сайтта 157 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.