+7 (727) 267-28-83

«Өнер» бөлімінің оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Халық сәулетшісі Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтақаевтың (1950-2008) 70 жылдығына арналған «Ғасыр сәулетшісі» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

monta

Қ.Монтақаев 1950 жылы 15 қаңтарда Ресей, Алтай Республикасында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті)  сәулетшілер факультетін бітірген. 1972-1981 жылдары Жобалау институтында сәулетші, топ жетекшісі; 1982-1996 жылдары – шеберхананың бас сәулетші; 1996-2000 жылдары – ҚР Сәулетшілер одағының Президенті, 2000 жылдан «Алматыгипрогор» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Алматыдағы 12 қабатты экспериментті тұрғын үйдің (1976), Қазақстан КП ОК ғимаратының (1980), Президент сарайының (1985), Республика алаңы кешенінің, «Айнабұлақ», «Ақсай», «Орбита» ықшам аудандарындағы  бірқатар кешенді құрылыстардың, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Қазақстан мәдени орталығы (1986) жобасының авторлар тобын басқарған. К.Монтақаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент резиденциясы, Үкімет және Парламент үйі, бірқатар  министрліктер, Конгресс-холл, аэропорт и автовокзал, орталық әмбебап дүкені және Нұр-Сұлтандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш жобаларын жасады. Халықаралық сәулетшілер академиясының (Мәскеу) академигі, Шығыс елдері сәулетшілер академиясының вице-президенті болып сайланды.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Афина қаласында өткен Акрополь мұражайына арналған халықаралық байқаудың дипломанты, дүниежүзілік Бьеннале фестивалінің лауреаты (1989, 1990).

2000 жылы «Жыл сәулетшісі» атағын иеленді. «Құрмет» орденімен марапатталған (1997). 

Павлодарда болашақ қазақ сәулетшісі Қалдыбай Монтақаев құрметіне ол оқыған Ы.Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернаты қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылған.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Қалдыбай Монтақаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

Кітап көрмесіне келіңіздер!

Сайтта

Қазір сайтта 183 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.