+7 (727) 267-28-83

DSC 00382020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында "Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті.  

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.

Шарада «Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбомының авторы, қоғам қайраткері, публицист, жазушы Кенжина Насиха Гумарқызы кеш қонақтарына алғысын айтып, Исмаилов Эльдар Исмаилұлына жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, шара аясында Әлем әзірбайжандары конгрессі президиумының мүшесі, "Алтын қалам" иегері Эльдар Исмаилов, профессор Гюннайдын Элдар және тағы басқалар "Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбом туралы өз ойларын айтты.

Тұсаукесер рәсімінде домбырамен әсем ән шертіліп, мың бұралған бишілер биімен қонақтарды тамсандырды.

Іс-шараға студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0017   DSC 0022
DSC 0015   DSC 0063