+7 (727) 267-28-83

kadir

«Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлының 85 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда  Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпита ауылында дүниеге келген. 1958 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін бітірді.

Қадыр Мырза Әли еңбек жолын 1958 жылы «Балдырған» журналының әдеби қызметкері, 1962-1965 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасыры, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасының  қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, 1993 жылы - «Балауса» баспасының директоры болып бастаған.

Қадыр Мырза Әлидің алғашқы өлеңдері 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. 1959 жылы алғашқы «Көктем» өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол 50-ден астам өлеңдер жинағының авторы, балалар және әдеби-сыни кітаптары: «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасыр» (1961), «Ноян-қоян» (1962), «Бұлбұл бағы» (1967), «Мәңгі майдан» (1993), «Ғибратнәмә» (2001),  «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Алмас жерде қалмас» (2004) және т.б. Қ.Мырза Әли 200-ге жуық әндердің авторы. Ол қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты;  мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған семантикалық және ойын тіліндегі жұмбақтар, ертегілер жазды. Оның еңбектері әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Қ.Мырза Әли әлемдік классиктердің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Олардың  қатарында: М.Овидия, Руми, В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтова, С.Есенина, Д.Родари, Гамзатовалар бар.

Қадыр Мырза Әлидің еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды:  Қазақстан Ленин комсомол сыйлығы (1966), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980), «Дарын» (1993), «Платиналы Тарлан» (2001), «Парасат» (2005) және «Достық» (2010) ордендерінің иегері.

Қадыр Мырза Әли  2011 жылдың 24 қаңтарында қайтыс болды.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар, сондай-ақ ол туралы әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 798 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.