+7 (727) 267-28-83

DSC 0192 12019 жылғы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  ҰҒА академик   Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы құрастырған «МЕН БИЛІК АЛДЫНДА ЕШҚАНДАЙ КІНӘЛІ ЕМЕСПІН!» Қазақстандағы наразылық қозғалыстар тарихынан (1960-1980 жж.)» атты  кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін модератор –  «Әділет» қоғамының төрағасы, жазушы Қойшыбаев Бейбіт Телманұлына берді.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, антрополог, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразақ Смағұлов, композитор, қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет, филология ғылымдарының докторы, профессор , сыншы, ғалым Дандай Ысқақ және тағы басқалар «МЕН БИЛІК АЛДЫНДА ЕШҚАНДАЙ КІНӘЛІ ЕМЕСПІН!» Қазақстандағы наразылық қозғалыстар тарихынан (1960-1980 жж.)» атты  кітапқа өз ойларын айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Мерекелік шараға белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшы-мамандар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0175   DSC 0179
DSC 0180   DSC 0206

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 199 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.