+7 (727) 267-28-83

«Өнер» бөлімінің оқу залында атақты кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, актриса Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың 90 жылдығына арналған «Асыл туған Гүлфайрус» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

Гүлфайрус Ысмайылова 1929 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін Қазақ КСР-ның халық суретшісі A.M. Черкасскийдің шеберханасында, 1956 жылы Ленинградтың И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын М.П. Бобышевтің кескіндеме сыныбы бойынша бітірді. 1956–1957 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ береді. 1971-1974 жылдары Абай атындағы Қазақтың опера және балет театрында бас суретші болып. Ол бірнеше операларға: Бурсиловскийдің «Ер Тарғын» (1967), С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» (1972), Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» (1972), Н. Тілендиевтің «Достық жолымен» (1957) және В. Великановтың «Қамар сұлу» (1958) балеттеріне, «Қыз Жібек» (1969-1971) кинофильміне декорация мен костюмдер эскиздерін жасады.

Гүлфайрус Ысмайылова – «Қазақ вальсі» Шара Жиенқұлованың портреті» (1958), Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» пьесасында Ш. Жандарбекованың Ақтоқты рөліндегі портреті»  (1960), «Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөліндегі портреті» (1962) және тағы басқа портреттердің авторы.

«Құрмет белгісі», «Халықтар Достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталды.   2002 жылы республика өнеріне қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын иеленді.                                                                                                      

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Гүлфайрус Ысмайылованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

 Кітап көрмесіне келіңіздер!