+7 (727) 267-28-83

 

«Кітапханатану» оқу залының қоры кітапхана ісі және библиография саласы бойынша жинақталған республикадағы бірегей қор болып саналады. 
«Кітапханатану» залы кітапхана ісі бойынша мамандандырылған оқу залы ретінде белгілі кітапханатанушылардың ғылыми еңбектерін, кітапхана саласының барлық қызметтік бағыттары жөнінде жарияланған басылымдарды қамтиды. Оқу залының қорында қазіргі уақытта 7000-ға жуық отандық және шетелдік басылымдармен қатар төмендегі бағыттар бойынша әдебиеттер жинақталған: 
· Кітапханалар тарихы 
· Кітапханалық заңнамалық құжаттар 
· Кітапхана қорлары мен каталогтары 
· Кітапхана үрдістерін автоматтандыру 
· Электрондық ресурстар және ақпараттық - кітапханалық қызмет көрсету 
· Баспа ісі және баспа нарығы 
· Кітапхана саласының ғылыми-зерттеу жұмыстары 
· Кітапханалық менеджмент және маркетинг 
· Кітапхана ісі бойынша конференциялар мен кеңестер материалдары 
·  Кітапханалық этика мен әдеп туралы 
Оқырмандар үшін «Кітапхана ісі» Дерек қоры жүргізіледі.

   Оқу залында: 
- «Қазақстан кітапханаларының тынысы», 
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басылымдары», 
- «Жаңа басылымдар» атты көрмелер тұрақты жұмыс істейді.

Байланыс тел.: (7272)67-28-72 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайтта

Қазір сайтта 400 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.