+7 (727) 267-28-83

1935 жылдың наурыз айында Мемлекеттік көпшілік кітапхана құрамында кітапханатану кабинеті ашылды. ҚазКСР кітапханаларына ғылыми-әдістемелік басшылық жасау осы Кабинеттің міндетіне жүктелді, бұл міндет Қазақ Халық ағарту комиссариатының Кітапхана басқармасымен тығыз байланыста жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда Кітапханатану залы 1987 жылдан 2003 жылға дейін кітапхана директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, кітапхана саласының үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР кітапханалық қауымдастық президенті Р. Бердіғалиеваның есімімен аталады.

Кітапханатану залы кітапхана қызметін әдістемелік қамтамасыз ету алаңы болып табылады және Ұлттық кітапхана мен республика кітапханаларының жұмысына жәрдемдеседі. Кітапханатану залында еліміздің кітапханалық өміріндегі негізгі оқиғалар туралы ақпараттық хабарламалар; кітапханашыларды оқыту, біліктіліктерін арттырады, олардың үздіксіз білім алуына жәрдемдесу жөніндегі қызметтер ұсынады, кітапханашыларға кітапхана ісіндегі жаңалықтарды игеруде кеңес беру мен тәжірибелік көмек көрсетіледі.

Кітапханатану залының мақсаты - кітапхана қызметкерлеріне, оқытушылар құрамына және «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын ЖОО студенттері мен колледж студенттеріне кәсіби ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

«Кітапхана ісі» дерекқоры жаңадан түскен басылымдардағы өзекті мақалалармен  үнемі толықтырылып отырады.

Зал қорында ҚР Ұлттық кітапханасының кәсіби басылымдары: «Кітапханатану. Библиография. Кітаптану» жинағы, «Кітапхана құқы», Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, ақындары мен жазушылары туралы библиографиялық көрсеткіштер, аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбелері, «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» ақпараттық – сараптамалық шолуы, «Кітап & кітапхана» журналы, ресейлік баспалардың кітапхана ісіне байланысты кітаптары мен журналдар, анықтамалықтар мен сөздіктер. Залдың кітап қоры 5000-нан астам сақтау бірлігін құрайды.

Ұлттық кітапхана теориялық және тәжірибесін оқытуды үйлестіретін, студенттер мен кітапхана мамандарының білімі мен біліктілігін арттыратын оқу-тәжірибелік орталық болып табылады. Р. Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залы жанынан «Кітапханатану және библиография» кафедрасы құрылды, онда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттерінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін дуалды білім беру бойынша сабақтар өткізіледі.