Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі төмендегідей жұмыстар атқарады:
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
- дәстүрлі карточкалы каталогтарды қалыптастыру және жүргізу;
- ұлттық кітапхананың РАБИС жүйесіндегі электрондық каталогының «Ізденіс-Тапсырыс» модулі арқылы оқырмандардың сұранысын іздеу және тапсырыс беру жұмыстары бойынша кеңес беру;
- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, библиографиялық сұраныстарды орындау;
- оқырмандарға анықтама-библиографиялық дереккөздерін ұсыну.
Қызметтің ашық қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 31 мың анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық басылымдар ұсынылған. Қорда ҚР Ұлттық Кітап палатасының басылымдары – газет, журнал мақалаларының шежірелері, «Казахстаника», сонымен қатар ВИНИТИ, ИНИОН РАН Ресей ақпараттық-библиографиялық орталықтарының басылымдары бар. Кітапхана 2007 жылдан бастап жаратылыстану және техника ғылымдары бойынша ВИНИТИ рефераттық журналдарының электрондық нұсқасын алып отырады.
Интернет қызметіне, Wi-Fi жүйесіне, білімнің барлық салалары бойынша CD, DVD-дегі электрондық басылымдарға, «Параграф», «Эталон» атты Қазақстан республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарының, EBSCO әлемдік ақпараттық ресурстарының толықмәтінді электрондық дерекқорларына қолжетімділік ұйымдастырылған.
Бөлім жетекшісі:
Тоқтарова Жанар Амангелдіқызы
Байланыс тел.: (727) 267-28-62
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.