Мерзімді басылымдар қызметі кітапхананың оқырмандарын қазақстандық және ресейлік мерзімді және жалғасты басылымдармен қамтамасыз етеді.
Оқырмандарға екі тәртіпте қызмет көрсетіледі:
- оқырмандарға қажетті мерзімді басылымдарды өз еркімен іздеуге және таңдауға ашық қол жетімділік;
- қорларды сақтау қорынан тапсырыстар орындау.
Ашық қорда қарау және өз бетімен жұмыс атқару үшін ашық қолжетімділікте соңғы бес жылдағы 2500 – ден астам газет тігіндісі және 20500 журналдар қамтылған.
Оқу залында тұрақты тақырыптық көрмесі және жаңа түскен басылымдар көрмесі ұйымдастырылған.
Қызметтер:
- Оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
- Мерзімді және жалғасты басылымдарға тапсырыстар орындау;
- Оқырмандардың ауызша және жазбаша түскен анықтамаларды орындау;
- Ғаламторға қол жетімділік.
Бөлім жетекшісі:
Әбенова Жазира Амангелдіқызы
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.