2019 жылғы 21-22 қарашада С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Кітапхана – тарихи білім орталығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтуде.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы қатысуда. Б.Қ. Оспанова конференцияда «Тарихи сана – ұлттық мақтаныш пен жасампаздықтың көзі» атты тақырыпта баяндама жасады.
Сондай-ақ, конференцияға Ресей, Қырғызстан, Украина республикаларының тарихшы-ғалымдары және кітапхана ісінің мамандары қатысуда.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |