Қазақстан Республикасы Ұлттық каітапханасының қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің қызметкерлері «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасында экскурсияда болып, онда жүргізіліп жатқан концервация және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Қырым Алтынбеков «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы, өз елімізде және басқа елдерде де танымал, сонымен қатар уақыттан тозған өркениет жауһарларын қайта жаңғырту саласындағы жаңашыл адам. Ол Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қазынасы мен өзіндік рәміздеріне айналған «Алтын адам», Сармат көсемі, Берел жылқысы, Сақ көсемі, Сармат падишасы және т.б күрделі ғылыми қайта құру жұмыстарының авторы.
Қалпына келтіруші жас мамандар, ұстаздың идеялары мен әңгімелерінен тағылым алып, оған шығармашылық шабыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.