+7 (727) 267-28-83

DSC 0347

2019 жылғы 4 қараша, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Санкт-Петербург Үкіметінен әдебиеттерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы мәдени-іскерлік миссиясы аясында Санкт-Петербургтен делегация келді.

 

Кездесуге Санкт-Петербург Үкіметінің сыртқы байланыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары А.Д. Хлутков, ҚР-дағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары, Алматы қаласындағы РФ Бас консулдығының консулы И. В. Переверзева, Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Н. Бектұрсынова қатысып, сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Санкт-Петербург туралы әдебиеттер сыйға берілді, олардың ішінде - сыйлық басылымдарының сериясынан «Золотая коллекция лучших мест Санкт-Петербурга» кітаптары бар. Басылымда 1000-ға жуық кәсіби фотосурет енгізілген.  Джордж Манро, «Петербург в царствование Екатерины Великой. Самый умышленный город» қала дамуының ең маңызды кезеңдерінің бірі - Екатерина II патшалық кезіндегі Петербург тарихы бойынша кітап. Сонымен қатар, «Легенды старинных городов России» кітабы «Сказки и мифы народов мира» сериясымен ұсынылды. Бұл басылымда Ресейдің қырық ежелгі қалаларының аңыздары жиналған және варяжск князі Рюриктің танылуынан бастап Ресейдің қайта құрудағы Ұлы Петрдің қызметіне дейінгі тарих ұсынылған.  Игорь Богдановтың «Ленинградская блокада от А до Я» кітабы да қызығушылық тудырады. Кітап 1940 жылғы «Путеводитель по Ленинграду», «Ленинград в Великой Отечественной войне Советского Союза» (1944) ресми екі томдығынан бастап, қала тұрғындары мен қорғаушыларының күнделіктері мен хаттарына дейін барлық қолжетімді дереккөздерге негізделген.

Салтанатты рәсімде кітап тапсыру Актісіне қол қойылды.  Сондай-ақ, делегация үшін Ресей кітап бұрышының қызметі туралы слайд көрсетіліп, Ұлттық кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді.

DSC 0331   DSC 0366
74469302 2452084278222348 4209309997256933376 n   76705090 2452084408222335 26480268676169728 n