2019 жылдың 1 қарашасында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған белгілі түріктанушы ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың мерейтойына арналған "Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға ҚР Ұлттық кітапхана директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы мен анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Рахимова Анар Кәріпбайқызы қатысып, Ұлттық кітапхана атынан құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияға АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Ресей және тағы басқа алыс- жақын елдерден ғалымдар қатысты.
![]() |
![]() |