+7 (727) 267-28-83

DorisӘлем әдебиеті залында ағылшын жазушысы, фантаст «Дорис Мей Лессингтің туғанына 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дорис Мэй Лессинг - ағылшын жазушысы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының 2007 жылғы лауреаты, феминист 1919 жылы 22 қазанда Персияда (қазіргі Иран) Керманшах қаласында дүниеге келді. Африка шөлінде өткен жылдар оның әдеби шабытының сарқылмас көзі болды. 1949 жылы Лессингтің алғашқы «Трава поет» романы жарық көрді. Апартеид кезеңіндегі родезиялық қоғам өмірінің өзіндік шежіресі бола отырып, роман үлкен ықыласпен қарсы алынды. 1962 жылы феминистік әдебиеттің классикасы саналатын «Золотая тетрадь» романы жарық көрді. «Инструкция к спуску в ад» (1971) - бұл жазушының ғылыми фантастика жанрында жазылған алғашқы туындыларының бірі. 1979-1983 жж. аралығында Лессинг «Канопус в Аргосе»  ғылыми-фантастикалық романдар топтамаларын жариялады, онда ол алты негізгі аймаққа бөлінетін және ерлер мен әйелдердің архетиптері өмір сүретін болашақ утопиялық әлемді құрады. Сипатталған аймақтар белгілі бір «тұрмыстық деңгейлерді» білдіреді: «Шикаста» (1979), «Браки между зонами три, четыре, пять» (1980), «Эксперименты на Сириусе» (1981), «Создание комитета представителей для планеты восемь» (1982), осы соңғы еңбегіне сүйене отырып, 1988 жылы композитор Филипп Глаз опера жазған. «Документы, имеющие отношение к сентиментальным агентам в империи Волиен» циклінің соңғы романы 1983 жылы жарық көрді.

1985 жылы Лессинг Лондон революционерлерінің тобы туралы сатиралық «Добрый террорист» атты романын жариялады. Романды сыншылар жақсы қабылдады. 1988 жылы Дорис Лессинг үшін өте маңызды «Пятый ребенок» атты бесінші кітабы жарық көрді, ол  жазушы шығармашылығының  соңғы кезеңіндегі ең жоғарғы жетістігі ретінде танылды. Роман аутизм белгілері бар бала туралы және оның жанұясының оған деген көзқарасын баяндайды. 1990 жылдары ол «В моей шкуре» және «Идти в тени» атты екі автобиографиялық кітабын шығарды. 1996 жылы, сегіз жылдық үзілістен кейін, «махаббат» феноменінің өзіндік антропологиялық зерттеу түріндегі «Любовь, опять любовь» романы жарық көрді. 1999 жылы «Мара и Дэн» футурологиялық романы, «Пятый ребенок» романының жалғасы «Бен среди людей» романы 2000 жылы жарық көрді. 2007 жылы Дорис Лессинг «Расщелина» атты туындысын жазды. Кітапты феминистік тақырыпқа жатқызуға болады.

1995 жылдың маусымында Лессинг Д. Гарвард университетінің докторы дәрежесіне ие болды. 1999 жылдың желтоқсанында Дорис Лессинг өткен мыңжылдықтағы «Ұлт алдындағы ерекше қызметі» үшін суретшілер мен ғалымдарға берілетін «Құрмет» орденімен марапатталған соңғы тұлғалардың тізіміне енді. 2001 жылы ол Дэвид Коэн сыйлығына, 2007 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Лессинг Д.М. 2013 жылы 17 қарашада Лондонда қайтыс болды.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының ағылшын және орыс тілдеріндегі шығармалары  ұсынылған.