2019 жылғы 23 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізі» тақырыбында конференция өткізді.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.
Шараның модераторы тарих ғылымының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Шамшидинова Факия.
Конференцияда сөз алған «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті Әшімхан Дәулет Дидахметұлы «Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізі» тақырыбына тоқталып, бейнематериалдар көрсетті.
Сонымен қатар конференцияда «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, философ-публицист Әбдірашит Бәкірұлы, профессор Шаяхмет Имашұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Факия Шамшидинова, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының Президенті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілі Сәрсембаев Бекжан Қалиұлы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салды. Шараға студенттер, кітапханашылар және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.