Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтуді тапсырған болатын.
Осыған орай Қазақстанның шет елдердегі елшіліктері Абай Құнанбайұлының шығармалары мен Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерін шет тілдерге аударып, басып шығаруды қолға алуда.
Осы игі үрдіске ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Қ.Лама Шариф ҚР Ұлттық кітапханасын қатысуға шақырып, аталмыш кітапханамен өзара байланыс орнатты.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Қ.Лама Шарифке кітапхана қорындағы шет тілдерге аударылған Абай Құнанбайұлының шығармалары мен Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерін көрсетті.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |