+7 (727) 267-28-83

IMG 20191024 1427042019 жылғы 25 қазан, сағат 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда аса көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай  «Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытудағы  Т. Рысқұловтың рөлі және рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибиелік  конференция өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғ.д., т.ғ.к., профессор  Борбасов Саин Молдағалиұлы жүргізді. Іс-шараға Б.Қойшыбай, С.Смағұлова, М.Жылысбаева, Құдайбергенова, К.Адырбекұлы, Ф.Шамшиденова, Г.Қозғамбаева  және т.б. баяндама жасады. Жиын барысында кинорежиссер Еркін Рақышевтің Тұрар Рысқұлов жайлы түсірген бір сағаттық деректі фильмінен үзінді берілді.

Тұрар Рысқұлов – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, Қазақстанның тәуелсіздік идеясының негізін қалаушылардың бірі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани біртұтастықты сақтап, түркі халықтарының мәдениетін қайта түлетуге үлес қосқан мемлекет қайраткері. Ол 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезі Шығыс Талғар болысының Бесағаш шатқалында (қазіргі Алматы облысының Талғар ауданы) дүниеге келген. 1907-1910 жж. Меркен орыс-қазақ мектеп-интернатында оқыды. 1914 ж. Пишпек ауылшаруашылық мектебін бітірді. 1916-1917 жж. Ташкент педагогикалық институтында оқыды. 1916 ж. Орта Азия халықтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы. 1917 ж. Меркіде Бұхара қоғамын (Қазақ жастарының революциялық одағы) ұйымдастырды. Т.Рысқұлов халық арасында үлкен беделге ие болды. Бәлкім ол Орталық Азиядағы ең көрнекті және беделді басшылардың бірі болған шығар. Көрнекті ұйымдастырушы және жетекші ретінде Т.Рысқұлов төңкеріс пен азамат соғысының салдарынан 1918-1919 жж. Түркістан аймағында болған сұрапыл ашаршылық кезінде өзін айқын көрсетті. Сол ауыр жылдарда Т.Рысқұловтың төрағалығымен аштыққа қарсы күрес жөніндегі орталық комиссия Түркістандағы миллионнан астам мұсылманды сөзсіз ажалдан құтқарды. Т.Рысқұловтың бұл тарихи ерлігі Орталық Азия халықтарының жадында әлі күнге дейін жоғары бағаланады.

Т.Рысқұловтың бастамасымен Қазақстанда Түркістан-Сібір теміржолы салынды, қуатты өндірістік орталықтар пайда болды. Қарағанды ​​қаласының көмір өндіру және металлургия кешені, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ саласы, Қазақстан мен Орта Азия аумағында бүкілодақтық маңызы бар ірі ұлттық қорықтар ұйымдастырылды. Т.Рысқұлов Қазақстанда жоғары және арнайы техникалық білімнің ашылуына бастамашылардың қатарында болды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  қорынан Т.Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, әскери курсанттар,  Алматы қаласы мен Алматы   облысының кітапханашылары және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG 20191025 111118   IMG 20191025 112406
IMG 20191025 131455   IMG 20191025 131811