+7 (727) 267-28-83

0102019 жылғы 23 қазан, сағат 15.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасы  университеттің шығыстану факультетімен  бірлесіп «Абай және Науаи: рухани үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Навои мен Абайдың ұлы тұлғалары - бүкіл адамзаттың меншігі. Олардың поэзиясы шынайылық, мәңгілік поэзия, даналық поэзиясы, махаббат поэзиясы және т.б.

2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жыл, 2019 жыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланды. Осы екі бастама аясында жоспарланған барлық маңызды іс-шаралар рухани дамудың жаңа бетін ашады, екі елдің ғылым, мәдениет және білім беру саласындағы қайраткерлерінің  ынтымақтастығына қуатты серпін береді.

Іс-шараның мақсаты - Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Абай Құнанбаев пен Әлішер Навоидің рухани мұрасын жастар арасында насихаттау.

 Модераторы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре.

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Арор Фатхуллаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, тарихшы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент И. Жеменей, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Б.Ж. Жүнісбеков және «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н. Қасымбекова  баяндамаларын оқыды.

«Абай және Науаи: рухани үндестігі» атты кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  Навои мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, олардың еңбектері, жазушылар туралы зерттеулер және мерзімді басылым беттерінде екі ұлы тұлға туралы жарияланған мақалалар ұсынылған. Қонақтарды кітап көрмесімен «Әлем әдебиеті» қызметінің кітапханашылары Г.А. Бахина және Д.Ағыманова таныстырды.

Іс-шара әдеби-музыкалық композициясымен аяқталды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  студенттері Абай және Науаидің шығармаларынан өлеңдер оқып, музыкалық нөмірлер көрсетті. Барлық композиция қатысушыларына ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова сыйлық ретінде кітаптар тарту етті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті.

Іс-шараға тарихшылар, кітапхана қызметкерлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары, магистранттары, студенттері және т.б. қатысты.

 

2   224
226   227

 

Сайтта

Қазір сайтта 186 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.