+7 (727) 267-28-83

photo5871681277223086515

2019 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында "Невада-Семей" халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысы республика аумағындағы соңғы ядролық жарылыстың 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел барысында Олжас Сүлейменов осыдан 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 19 қазанында "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысы Семей ядролық сынақ полигонында жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатылғаны жайында сөз қозғап, сол уақыттарға шолу жасады.

Айтулы шарада Олжас Сүлейменов осы оқиғамен барлық ардагерлерді, ғалымдарды, белсенділерді құттықтап, оларды «Невада-Семей» Халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

Айтулы шарада «Невада-Семей» ХАҚ Президенті Сүлейменов Олжас Омарұлы осы халықтық қозғалыстың 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен ҚР Ұлттық кітапханасын марапаттады. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы награданы ризашылықпен қабыл алып, ҚР Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған  Олжас Сүлейменовтің ең алғашқы оқырман билетін жария етті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар, студенттер, Ұлттық кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

photo5869507778958174699   photo5871714086478260720
photo5871752169953274256   photo5871851624215980500

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.