+7 (727) 267-28-83

photo58695401930763576272019 жылғы 16 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұйымдастыруымен «Ізгілік елшісі» жобасын ары қарай дамыту бойынша жиналыс өтті.

Жиынға Білім және ғылым вице-министрі Бигари Рүстем Айдарбекұлы мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Сунтаев Қайрат Имятұлы және Алматы қаласындағы университет, академия ректорлары қатысты.                                                            

Жиналыста сөз алған Сәбитова Айгүл Алимханқызы «Ізгілік елшісі» жобасының мақсатына тоқталып, адамгершілік, парасаттылыққа тәрбиелеу, қайырымдылықты дамыту міндеттерін атап көрсетті.                                                     

Сондай-ақ «Sanaly urpaq» жобасының басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы жастар тәрбиесіңе тоқталып, өз көзқарасын жеткізді.  Жиналаысқа БАҚ өкілдері және ЖОО қызметкерлері қатысты.

photo5872014974707149203   photo5871916400912738739
photo5871707545243068863   photo5871620842738264534