+7 (727) 267-28-83

photo5873843982235183549

2019 жылғы 22 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында танымал қазақстандық суретші-қалпына келтіруші Қырым Алтынбековтің «Уржарская жрица. История возрождения уникальной находки» және «Возрожденные сокровища Казахстана: опыт научной реставрации»  атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор тарих ғылымдарының докторы Новоженов Виктор Александровичке берді.                     

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Қырым аралы» ғылыми қалпына келтіру зертханасы арасында кәсіби ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

Қырым Алтынбеков өзінің кітабы жайында бейнематериалдар көрсетіп кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызымен «Уржарская жрица. История возрождения уникальной находки» және «Возрожденные сокровища Казахстана: опыт научной реставрации»  атты кітаптарының тұсауын кесті.

Сондай-ақ салтанатты кеште венгрлік зерттеуші Аттила Кис, Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институттың аға ғылыми қызметкері Бейсенов Арман Зияденұлы, кинорежиссер, сценарист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Қайырбеков Бахыт Гафуұлы т.б зиялы қауым өкілдері жылы лебіздерімен бөлісті.                                                                                                  

Шараға оқырмандар, қалпына келтіруші мамандар, кітапханашылар, студенттер мен  БАҚ өкілдері қатысты.

photo5871798147578178100   photo5874106400442001827
photo5874186939668736440   photo5874285938664909282