+7 (727) 267-28-83

31

2019 жылғы 15 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында 15 қазан – Алматы қаласының кітапханалары күніне орай оңтүстік астанамыздың кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті.

 

Салтанатты кеште, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшыларын «Кітапхана ісінің ардагері» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапаттады. Олар: «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ Президенті Урмурзина Кама Ғазизқызы,  Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қабиева Роза Қасымбекқызы.                                                                                     Сондай-ақ, салтанатты кеште, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасының» Орталық ғылыми кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерін ҚР Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Олар: Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директорының орынбасары Джумабеков Мақсұт Тайынұлы, инженер бағдарламашы Қуандық Абылайхан Ибрашұлы, кітапханашы Арғынбекова Назымгүл Сақыққызы, Брайль жүйесіндегі кітаптар бойынша редакторлар: Мықтыбаев Алидин Жұмаділұлы мен Абдрахманова Зарина Злаудинқызы және республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың кітапханалық жұмыстар және инновациялар жөніндегі вице-президенті Соловьева Ирина Владимировна, техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлерімен жұмыстар жөніндегі орталығының директоры Омархан Қалиман Рахматілләқызы, патенттік-ақпараттық жұмыстар орталығының директоры Мұқанова Әмина Мұхаметқалиқызы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы қорларды толықтыру және есепке алу, ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің бас кітапханашысы Касенова Қарлығаш Ерболқызы, Кітапханалық технологияларды автоматтандыру бөлімінің бас маманы Рақымбаева Ақерке Дүйсенқалиқызы, Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімінің бас сақтаушысы Нұрмағамбетова Дария Өмірғалиқызы марапатталды.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова ҚР Ұлттық кітапханасының алғыс хатымен қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Сарсенбаева Ботакөз Шагалиқызын,  Қазақстан кітаптары қызметінің жетекшісі Жаркналова Мадина Баянқызын, ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Аблайханқызын, әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызын, сыртқы байланыстар және фандрайзинг қызметінің жетекшісі Замзаева Толқын Амангелдіқызын, сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызын, қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің кітапханашысы Өскембаева Меруерт Дулатқызын, баспасөз бөлімінің қызметкері  Урманбеков Таңжарық Нұрмуханұлын марапаттады.

32   33
34   35

 

Сайтта

Қазір сайтта 185 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.