+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 8 қазан, сағ. 12.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметі М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде Үндістанның көрнекті қайраткерінің 150 жылдығына арналған "Махатма Ганди – 150 жыл: өмірі мен мұрасы" атты мерекелік бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шара аясында кітапхана қорынан көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.  

Үндістан кітап бұрышының қызметі аясында Махатма Гандидің 150 жылдығына арналған іс-шаралар циклі, ҚР Ұлттық кітапханасы Алматы қаласындағы Үндістанның Бас консулдығымен бірлесіп 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Үндістанның мәдениет декадасы, заманауи режиссерлер Болливудтың үнді көркем фильмдерінің кинофестивалінен басталды. Мәдениет күндері аясында Үндістаннан келген би оқытушысы Шрути Гхош үнді биінен шеберлік-класс өткізді. Сонымен қатар, "Махатма Ганди – 150 жыл: өмірі мен мұрасы"атты фотокөрме және безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.    2019 жылдың наурыз айында "Қазақ  және хинди тілдері мерекесі" өтті. 

Іс-шарада: Алматы қаласындағы Үндістан Бас консулдығының консулы Мартин Сириак Клеменс, М. Ганди  атындағы  №92 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Ерулан Әсентайұлы Жиенбаев, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова сөз сөйлеп, іс-шараның маңызын, М. Гандидің Үндістан тәуелсіздігін алудағы рөлін атап өтті.

Лицей оқушылары Махатма Гандидің өмірі мен қызметі туралы ағылшын, қазақ және хинди тілдерінде дәйексөздерін айтты.   Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, онда қазақ әндері, сонымен қатар лицей оқушысы Сымбат Ахметқызы мен ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Жаксыбаева Мейіз  үндінің ұлттық билерін орындады.  ҚР Ұлттық кітапханасы лицейге 50 дана ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың кітаптарын сыйға тартты.

Мерекелік іс-шараға мектеп-лицей мұғалімдері, оқушылар мен кітапханашылар қатысты.