+7 (727) 267-28-83

DSC 0110

2019 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы әйел-ел­ші, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мын­дағы бірінші тұрақты Өкілі, ҚР Сыртқы іс­тер ми­нис­трлігінің ерекше тап­сырмалар бойынша Елшісі Арыстанбекова Ақмарал Қайдарқызымен кездесу өтті.

 

А.Қ.Арыстанбекова – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. Оның қызметі жас мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталды. А.Қ.Арыстанбекова өзінің халықаралық еңбек жолын Достық үйінде Қазақ достық және мәдениет қоғамдастығының шет мемлекеттермен байланыс бойынша Президиум Төр­аға­сының орынбасары болып бастаған.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова ашты. Шараның модераторы Қазақстандағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек мырза болды. В. Самек өзінің кіріспе сөзінде БҰҰ-ның Қазақстандағы рөлі және 2019 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында сөйлеген сөзі  туралы атап өтті.Мазмұнды әңгіме барысында Ақмарал Қайдарқызы Тәуелсіз Қазақстанның БҰҰ-ның мүшелігіне кіру тарихы, Қазақстан атынан Бас Ассамблеяның 46-шы сессиясында сөйлеген сөзі мен дайындығы туралы айтып өтті. Кездесу қонақтары ұйымның штаб-пәтері алдында Қазақстан туын көтерудің салтанатты рәсімін баяндайтын тарихи бейнебаянды тамашалады. Кездесуде әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ студенттері БҰҰ-ның халықаралық қызметі және оның өмірлік жолын таңдау туралы сауалдар қойды, Ақмарал Қайдарқызы сауалдарға жауап беріп, жас ұрпаққа өсиет сөздер айтты.        

Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Ақмарал Қайдарқызының өмірі мен қызметтік жолы туралы, оның монографиялары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларынан «Қазақтан шыққан тұңғыш әйел-елші» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Іс шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Алматы қаласының Орталықтандырылғын кітапхана жүйесінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

DSC 0126 DSC 0147