+7 (727) 267-28-83

88

«Қазақстан кітаптары» оқу залында  Еңбек күніне орай «Ер дәулеті – еңбек»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Еңбек – адам өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа  құндылықтарды құруға бағытталған адамның іс-әрекеті.

Қазақстан Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен белгіленген қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Мереке еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға, өнімді жұмысты ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттауға және жұмысшы әулеттердің ежелден қалыптасқан дәстүрлерін нығайтуға және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Еңбек күні - бұл еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін жарқын мереке. Бұл күндері мерекелеу барысында, көркем және спорттық іс-шаралар, концерттер, флешмобтар өтеді, қызмет ұжымдарында кәсіби шеберлік сайыстары ұйымдастырылады. Осы шаралардың барлығы ұжымның бірігуіне корпоративтик рухтың нығаюына бағытталған.                        

Еңбек күні мерекесіне орай мемлекеттік награда – «Еңбек ардагері» құрмет медалі жасалды. Медальмен еңбек жолындағы жетістіктері мен ұзақ жұмыс тәжірибесі үшін еңбек сіңірген түрлі кәсіп  қызметкерлері марапатталады.

«Ер дәулеті – еңбек» атты кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастары туралы материалдар мен әр  түрлі кәсіптер туралы, еліміздің әр аймағындағы табысты адамдар, еңбек ардагерлері туралы және т.б. материалдар ұсынылған.

         Кітап көрмесіне шақырамыз!