2019 жылдың 2 - 6 қыркүйек аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының базасында құрылған Каталогизатор мектебінде оқудан өтті.
Тыңдаушылар библиографиялық жазбаларды жасау ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сондай-ақ каталогтаудың негізгі ережелерімен және нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда мерзімді басылымдарды каталогтау, ноталарды, картографиялық, бейнелеу материалдарын, электрондық ресурстарды, диссертацияларды, авторефераттарды, сондай-ақ күрделі кітаптарды, мысалы, аударылмалы кітап, екі, үш тілдегі кітап, түрлі конференциялардың материалдары және топтық өңдеу сияқты құжаттарды каталогтау үрдістері қарастырылды.
Тыңдаушылар Ұлттық кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысты. Цифрлық технологиялар қызметінде баспа басылымдарын цифрлауға арналған заманауи құрылғылар көрсетіліп, Ұлттық кітапхананың Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы (ҚазҰЭК) толтыруға қатысуы туралы айтылды.