+7 (727) 267-28-83

«Қазақстан кітаптары» оқу залында «Ата заңым – ардағым» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

konstitusia

Конституция – мемлекеттің  негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және  экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан  Жоғарғы Кеңесінің  ІХ сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективаларды қамтыды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді. Бірінше кезекте Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті болып қала береді. Біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеуге міндетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғыру, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.

Конституция күнін мерекелеу – азаматтар, әсіресе жастар арасында конституциялық құндылықтарды құруға және таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениетті іс-әрекет болып табылады.

 «Ата заңым – ардағым»  атты кітап көрмесінде  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде және оның қалыптасуы туралы әдебиеттер, ҚР Конституциясы мен заңдар жинақтары,  ғылыми конференциялардың материалдары және т.б. ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырымыз!