«Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл ̶ достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
ҚР Үкіметінің шешімімен 2018 жылдың 5 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Мереке жыл сайын 5 қыркүйекте қазақ филологиясының негізін қалаушы, лингвист ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде аталып өтіледі. Бұған дейін мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін.
Ахмет Байтұсынов (1873-1938) – алғашқы қазақ әліппесінің, тіл білімі, әдебиеттану оқулықтарының авторы, «Қазақ» газетінің алғашқы редакторы (1913-1918), алғашқы Халық ағарту комиссары, Қазақ университетінің алғашқы профессоры, ақын әрі аудармашы және ірі саяси қоғам қайраткері. Шығармашылық қызметін поэзиядан бастаған. А.Байтұрсыновтың «Маса» шығармасы қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар енгізді. ХХ ғасырдың басында ол қазақ тілі ғылымының негізін қалады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрған А. Байтұрсынов қазақ жазбалының реформаторы болды.
Қазақстан көптеген елдердің туған Отанындай болып кеткен көп ұлтты ел. Әркім еркін өмір сүре отырып жұмыс жасап, өз ана тілін, қазақ тілін, әдет-ғұрпын, өзінің және басқа елдің салт-дәстүрлерін, мәдениетін біле алады.
Мерекенің мақсаты - көпұлтты қазақстандықтардың тұтастығын сақтау, қазақ тілді дамыту және тарату, тек өз халқының ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда тұратын барша ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Осы мереке күні еліміздің барлық аймақтарында Қазақстан халқының тілдеріне арналған түрлі іс-шаралар: ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, кітап көрмелері, фестивальдар мен викториналар және т.б. өткізіледі.
«Тіл ̶ достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан барлық ұлттардың мәдениеті, тарихы, тұрмысы мен салт-дәстүрлері туралы материалдар, сонымен қатар қазіргі этнолингвистикалық үдерістерге қызығушылық тудыратын басылымдар ұсынылған.
Кітап көрмесіне шақырамыз!