+7 (727) 267-28-83

Мерзімді басылымдар оқу залында «Денсаулық» ғылыми-көпшілік журналының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.  «Денсаулық» қазақ тілінде ай сайын шығатын және денсаулық  сақтау мәселелеріне арналған журнал. 1929 -  1931 жылдары  «Денсаулық жолы» деген атпен жарық көрді.  

densaulyk

Оның бірінші  санының 36 беті араб, 4 беті латын тілінде шыққан. 1932 жылы жұмысын тоқтатқан журнал 1990 жылы «Денсаулық»  деген атпен қайта шықты.

«Денсаулық» журналының жарыққа шығуына игі ықпал  еткен денсаулық сақтау халық комиссары Мұхаметқали  Тәтімов (1894-1938).

Журналдың Бас редакторлары:

- Татимов Мұхамбетқали (1929-1930);

- Абдарханов Бисенғали (1930-1931) ;

 - Асфендияров Санжар (1931);

- Қойшыбаев Бейбіт (1990-1991);

- Түменбаев Жақсылық (1992-1993).

1990 жылдың қаңтарынан бастап журнал қысқартылған «Денсаулық»  атауымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық кәсіподақтар кеңесінің органы ретінде қайта шығарылды. Медицина тарихына, еліміздің үздік медицина қызметкерлеріне арналған айдарлар бар. Журналдың Бас редакторы Молдахмет Қаназ. Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан медицина қызметкерлері мен журналистердің медицинаға, салауатты өмір салтына және «Денсаулық» журналына арналған мақалалары қойылған.

 Сіздерді көрмеге шақырамыз!