+7 (727) 267-28-83

bamiw

2019 жылғы 19 маусымда Е.Тұрсынов залында “Ер Жәнібек ” халықаралық қоғамдық қоры және Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен белгілі ақын-жазушы, публицист, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтті.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры, белгілі айтыс ақыны, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.

Шығармашылық кештің шымылдығын айтыскер ақын Серік Қалиев өзінің арнауымен ашып, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет мырза Бақытбек Бәмішұлының иығына шапан жауып, ізгі-тілегін білдірді.

Шара аясында Бақытбек Бәмішұлының сөзіне жазылған әндер шырқалып, Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясы «Театр және кино актері» факультетінің студенттері «Оспан батыр» жырынан үзінді оқыды.

Шараға Секен Тұрысбек, Бауыржан Жақып, Ғалым Жайлыбай т.б белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2019 06 20 at 113054 2 WhatsApp Image 2019 06 20 at 113055