+7 (727) 267-28-83

Abai2

«Қазақстан  кітаптары» оқу  залында қазақ халқының ұлы ақыны,  қара сөздің хас  шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын  қалаған  алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған  «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Сырт Қасқабұлақ жерінде дүниеге келген (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Ол оқуын Семейдегі молда  Ахмет-Ризаның медресесінде жалғастырып, араб, парсы және басқа да шығыс тілдерінен дәріс алды. Сонымен қатар, Абай орыс мектебіне де барып жүрді.

Абай Құнанбаев асыл, ақсүйекткр мен билердің әулетінен әрі ауқатты отбасынан шыққан. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның арқасында Абайдың шығармашылық пен поэзияға деген қызығушылығы ерте оянды. Екі анасы да ұлдарын халық мүддесі үшін адалдыққа, адамгершілікке тәрбиеледі, қатыгездікке, ақымақтыққа жол бермеуіне ықпал етті. Осы екі әйел ұлтының ұлылығы – олардың Абайды өсіріп қана қоймай, сонымен қатар оның еңбектері мен жеке тұлға ретіндегі рухани-адамгершілік өміріне әсер еткендіктері. Жас Абайдың келесі тамаша ұстазы мен ағартушысы - қазақ халқы. Абай шешендік өнердің үлгілерін, адамдар өмір сүретін әдет-ғұрыптар мен ережелерді, адамдар мен тайпалар арасындағы күрделі әрі даулы мәселелерді әділ шешудің мысалдарын игеруге ұмтылды.

Абайдың алғашқы өлеңдерінің ішінде шығыс классикалық поэзиясының әсерімен жазылған лирикалық өлеңдер, халық поэзиясы стилінде, сол кездегі суырып салма ақындардың шығармашылығы рухында құрылған таңғажайып өлеңдері бар. Ақын 170-ке жуық өлеңдер мен 56 аудармалар, жазбаша өлеңдер, нақыл сөздер жазған («Қара сөздер»). Ол қазақ өлеңдеріне жаңа өлшемдер, рифмалар мен поэтикалық формаларды енгізді. «Ескендір» поэмасы Аристотельдің бейнесі мен  басқыншы  Александр Македонскийдің ашкөздігіне қайшы келеді. Ақын үшін саяси құрбандар  Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов, С.Гросстар мен кездесуі маңызды оқиға болды. Абайдың дүниетанымының қалыптасуына шығыстың ақындары мен ғалымдары - Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина, сондай-ақ орыс классиктерінің еңбектері әсер етті. Ол И.А.Крылов, М.Ю. Лермонтов, Гете және Байрондардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның қызығушылықтарына әлемдік мәдениет пен философия кірді.

Абай Құнанбаев, сонымен қатар талантты және ерекше композитор болған. Ол қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуенді жарыққа шығарды. Абай бірнеше өлеңдерін музыкаға аударды, ал оның «Көзімнің қарасы» өлеңі халыққа кеңінен танымал болды.

Ақын ХІХ-ХХ ғасырдың жаңа қалыптасқан қазақ ұлттық зиялыларына үлкен әсер етті. Алаш Орда қозғалысының жетекшілері Абайды қазақ ұлтының қайта өркендеуіндегі рухани көшбасшы ретінде қабылдады. Әлихан Бөкейханов Абайдың алғашқы өмірбаяншысы болды. Ұлы Абай шығармашылығына жазушылар, әдебиеттанушылар, лингвистер, философтар, психологтар жүгінеді. Оның еңбектері жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге, білімге деген ұмтылыстарын шабыттандырады.  

Абайдың әдеби-эстетикалық мұрасы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Көрнекті ақын және ағартушы Абайдың бейнесі әдебиет, музыка және бейнелеу өнерінде сақталған. Еңбектері әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Абай Құнанбаев 1904 жылы 23 маусымда қайтыс болды. Жидебай алқабында, Шыңғыс тауының маңында жерленді.

Ұлы Абайдың құрметіне әдебиет саласында Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. Республикада және шет елдерде қала, әкімшілік орталықтары, көшелер, театрлар, кітапханалар, мектептер мен алаңдар ақынның есімімен аталады. Абайдың туған күніне орай жыл сайын түрлі іс шаралар: поэзия күндері мен кештері, кітап көрмелері ұйымдастырылып, ғылыми конференциялар өтеді, сонымен қатар ақынның өлеңдері оқылып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

2020 жылы ЮНЕСКО-ның және ТЮРКСОЙ-дың қолдауымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай үлкен мерекелер өтеді. Басты мақсаты – Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесіне Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылған.

         Кітап көрмесіне шақырамыз!