+7 (727) 267-28-83

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің 100- жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.                 

znamia

«Знамя труда» -  Жамбыл  облысының әкімдігінің баспа органының  орыс тілді газеті. Газет 1919 жылы тамызда Әулиеата атқару комитетінің және уездік комитетінің атынан шығып тұрды.

Алғашқы атауы - «Аулие-Атинский вестник». 1939 жылға дейін уездік, содан кейін аудандық  газет. Әр жылдарда атауы бірнеше рет өзгерді. 1939 жылы Жамбыл облыстық газеті, «Коммунист» деген атпен Жамбыл облыстық партия комитетінің баспасөз органы болды. 1963 жылы 1 маусымнан қазіргі «Знамя труда» атпен шығып келеді.

Өткен жылдар бойы Жамбылдық көптеген ұрпақтардың өмірі, өлке және жалпы республика тарихының шежіресі жасалды. Нөмірден нөмірге дейін газет жерлестердің жетістіктерінің қуаныштарымен бөлісті, олардың жемісті еңбектерінің хроникасын жүргізді, өзекті мәселелерді көтерді, халықтың адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне ықпал етті.

Шығармашылық редакциялық топ өз міндетін  прогрессивті өзгерістердің  импульсіне  және адамдарға шындықты  жеткізуден  көреді. Газет оң тұжырымдамалық бағдарлау, сапалы журналистика және Интернет пен баспа нарығының технологияларын пайдаланудың арқасында аймақтың баспасөз рейтингтерінің алдыңғы орнында. Қазіргі Қазақстандағы газет ең беделді орыс тіліндегі басылымдардың бірі болып саналады.

Газеттің  бас редакторы Бекет Момынқұлов.Газет аптасына 3 рет шығады. Көлемі 6-8 беттен  тұрады. Тиражы- 8000 данадан астам. Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

 Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан  «Знамя труда» газетіне арналған мерзімді баспасөз беттеріндегі белгілі жазушылар мен журналистердің мақалалары  ұсынылған.             

Сіздерді көрмеге шақырамыз!