+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 15 мамыр, сағ.11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда әнші, жазушы Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

jani

Іс-шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бірігуімен өткізілді.   

Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті және Алматы эстрада-цирк өнері студиясының әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков) бітірген.

«Өнер» баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. 1980 ж. Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары («Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні») жарық көрді. Өнер адамдары туралы көптеген мақалалар жазды. Ақтамберді, Бұқар жырау, Шәкәрім шығармаларын алғашқы орындаушы.

1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне, Семей қаласының көшесіне берілген.

Іс-шара аясында кітапхана қорынан Жәнібек Кәрменовтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Дарынды тұлға» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешті ғалым, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік Жүсіп жүргізді. Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, туыстары қатысты.

photo5970718700468283807   photo5970903134953908617
photo5973435761204242741   photo5973053333021239589
WhatsApp Image 2019 05 15 at 152831 1   photo5972965080033241404