05.02.2025 - 05.03.2025
Описание
Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2025 жылғы 5 ақпан - 5 наурыз аралығында Springer Nature баспасы жариялаған журналдар мен мақалаларға тестілік қолжетімділік ашылды.
Springer Nature – жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және медицина саласы бойынша кітаптар мен ғылыми рецензияланатын журналдар шығаратын жетекші халықаралық баспалардың бірі. Тест нұсқасына қолжетімді:
- https://link.springer.com/ сайтындағы журналдар мен мақалалар. 1997-2025 жылдардағы мақалалар қол жетімді. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми салалардағы 6 миллионнан астам мақалалар бар.
- https://www.nature.com/ сайтындағы журналдар мен мақалалар.
2000-2025 жылдар аралығындағы мақалаларға қол жеткізуге болады. Маңызды, сондай-ақ, жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі ең ықпалды 100-ден астам журналдар, соның ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т.б.