+7 (727) 267-28-83

27.03.2023 - 28.03.2023

Название:
28 наурыз, сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова  атындағы залында Қабылқақ Күлмесқанұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының тұсаукесері өтеді.
Дата:
27.03.2023 - 28.03.2023
Расположение:

Описание

28 наурыз, сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова  атындағы залында Қабылқақ Күлмесқанұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Мағаз Разданұлы қытайдағы қазақ әдебиетінің өсіп, өркендеуіне айрықша үлес қосқан қабырқалы қаламгер. «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітабына еніп отырған әңгіме-повестерінде Шығыс Түркістан қазақтарының аумалы-төкпелі тарихы, әлеуметтік өмірі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жан-жақты көрсетілген.

Қабылқақ Күлмесқанұлы да Қытайдағы қазақтар арасында кең танылған жазушылардың бірі. Бұл кітапта оның «Тұманды дала» повесі мен әңгімелері беріліп отыр. Жинаққа енген шығармалардың барлығы арғы беттегі қандастарымыздың тарихынан, бастан кешкен шынайы оқиғаларынан тұрады.

Бұл екі кітап Ұларбек Нұрғалымұлы қолға алған «Birqazaq» жобасының аясында шығып отыр. Бұл жоба арғы беттегі жазушылардың шығармаларын қазіргі қазақ әліпбиіне көшіріп, Қазақстан халқына насихаттауды көздейді. Алдағы уақытта әлі де бірнеше жазушының шығармаларын басып шығару жоспарланған.

Аталған екі кітап «Damu business group» пен Болатбек Дәлелханұлының, Құмар Жұмаханұлының қолдауымен «Muqaba» баспасынан жарық көрді.

Қатысушылар: белгілі жазушылар мен ақындар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері.