+7 (727) 267-28-83

06.12.2022 - 15.12.2022

Название:
15 желтоқсан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ф.ғ.к., ҚР мәдениет қайраткері Шаяхмет Ақылбек Қожаұлымен шығармашылық кездесу және «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
06.12.2022 - 15.12.2022
Расположение:

Описание

15 желтоқсан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, жазушы, драматург, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлымен шығармашылық кездесу және «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы − Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, Қостанай облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай  облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы, ҚМУ Медиа-орталығының директоры болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, А. Шаяхмет  «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» атты Махмұд Қашқари атындағы  халықаралық сыйлыққа және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі сияқты және т.б көптеген атақтарға ие.

Кітап ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналып жарық көріп отыр. Амет Байтұрсынұлы туралы мақалалар екі тілде жазылған.

Кітаптың бір бөлімі Ахмет туралы жырларға арналған. Солардың ішінде «Тіл қатады арыстар» диалог-дастанында Алаш қайраткерлері туралы ой-толғамдар берілген.

Жинақта композитор Қалибек Деріпсалдиннің Ақылбек Шаяхметтің сөзіне шығарған «Аға туралы әннің» мәтіні мен нотасы да жарияланған.

Қатысушылар: әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, БАҚ өкілдері, студенттер мен оқушылар, кітапхана оқырмандары және т.б.