+7 (727) 267-28-83

28.11.2022 - 29.11.2022

Название:
29 қараша, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Сейдін Бизақовтың 85 жылдық мерейтойына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді
Дата:
28.11.2022 - 29.11.2022
Расположение:

Описание

29 қараша, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор,  «Тіл жанашыры» төсбелгісінің  иегері, еңбек ардагері  Сейдін Бизақовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзінің құнары» атты тілтанымдық мектеп семинар және «Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің» бесінші басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді.  

Шара аясында қазақ тіл білімінің лексикология, лексикография, сөз мәдениеті,  түркітану саласында өнімді еңбек етіп, елеулі үлес қосып келе жатқан белгілі тілші-ғалым, әдіскер-ғалым Сейдін Бизақовтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, семинарда қазақ сөзінің қуаты мен құдіреті, көркемділігі, қазіргі жай-күйі мәселелері талқыланады. С. Бизақовтың қазақ сөзін көркейтуге қосқан үлесі мен жаңалықтары насихатталады.

Қатысушылар: филолог-ғалымдар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары, Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары, Сүлеймен Демирел университеті профессорлары, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ профессорлары, Қыздар ҰПУ профессорлары, жазушылар, редакторлар, студенттер, баспасөз тілшілері.

Келем деушілерге есік ашық!