+7 (727) 267-28-83

28.11.2022 - 29.11.2022

Название:
29 қараша,  сағат 15.00-де Н. Дәулетова атындағы залда ақын-импровизатор, композитор, Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Элмирбек Иманалиевтің «Аманат» атты қазақ тіліндегі кітабының    (ауд. айтыскер ақын Айбек Қалиев) тұсаукесері өтеді.
Дата:
28.11.2022 - 29.11.2022
Расположение:

Описание

29 қараша,  сағат 15.00-де Н. Дәулетова атындағы залда ақын-импровизатор, композитор, Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Элмирбек Иманалиевтің «Аманат» атты қазақ тіліндегі кітабының    (ауд. айтыскер ақын Айбек Қалиев) тұсаукесері өтеді.

Шараның мақсаты: екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Элмирбек Иманалиев – қырғыз-қазақ арасында ғана емес, түгел түркі жұртына танылған талант еді. Оның эрудициясы, түркі халықтары әдебиетінен, жалпы әдем әдебиетінен білімі терең болатын. Сонымен қатар, дауысы, әншілігі, музыкалық аспаптағы орындаушылық шеберлігі ерекше.

Жинаққа автордың әр түрлі тақырыптағы өлеңдері енген. Ақынның ауызша әңгімелеу өнерінде ғана емес, сонымен қатар жазушы әрі ақын ретінде де өз орны бар. Оның бірегейлігімен ерекшеленетін поэтикалық тұжырымдары оқырмандарды бей-жай қалдырмайды.

Қатысушылар: Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары, т.б.