+7 (727) 267-28-83

27.01.2021 - 29.01.2021

Название:
2021 жылғы 29 қаңтар, сағ. 11.00-де Әлем әдебиеті залында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен ҚР Ұлттық кітапханасындағы Үндістанның кітап бұрышына сыйға кітап тарту рәсімі өтеді.
Дата:
27.01.2021 - 29.01.2021
Расположение:

Описание

ПРЕСС-РЕЛИЗ

29 қаңтар, сағ. 11.00-де Әлем әдебиеті залында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен  ҚР Ұлттық кітапханасындағы  Үндістанның кітап бұрышына сыйға кітап тарту рәсімі өтеді.

Іс-шара аясында оқырмандар мен қонақтар Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қаражатымен және жәрдемдесуімен 2020 жылы жаңғыртылып, жаңа заманауи жиһаздармен және компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылған кітап бұрышымен танысады.

Үндістан кітап бұрышы 2005 жылы Қазақстандағы Үндістан Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы келісім шарт негізінде ашылған. Бүгінгі таңда бұрыштағы кітап қоры 706 дананы құрайды, жылына келушілер саны - 817, кітап берілімі - 818 дана. Кітап бұрышының қоры хинди, урду, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиеттер, альбомдар, сөздіктер мен басылымдар, тарих, саясат, экономика, лингвистика, медицина, өнер, философия және т.б Үндістан туралы әдебиеттерді құрайды.

Қазақстанда көптеген жылдар бойы үнді мәдениетіне, кинематографиясына, хореографиясына жақсы қарым-қатынас орнады, кітапханадағы кітап бұрышы Үндістанның Қазақстандағы ақпараттық және әдеби алаңына айналды, ол барлық қазақстандықтар мен шетелдік пайдаланушылар үшін ашық. Бұл көпұлтты үнді халқының өзіндік ерекшелігімен және қазіргі Үндістанның әлеуметтік дамуындағы үдерістермен танысуға тамаша мүмкіндік. Бұрыштың жұмысы кезінде Үндістанның жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған көптеген бірлескен мәдени шаралар өткізіледі.

Сыйға тарту іс-шарасына Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумар мырза, Алматы қаласындағы Үндістан Елшілігі Өкілдік кеңсесінің консулы Амит Кумар Мишра мырза қатысады.

Барлық ниет білдірушілерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!