TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

21.01.2021 - 27.01.2021

Title:
27 қаңтар сағ. 10.30-да қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дикторлық жолы» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді. 
Date:
21.01.2021 - 27.01.2021
Location:

Description

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ радиосының құрылғанына 100 жыл!  

Ақиық ақын, радио дикторы М. Мақатаевтың туғанына 90 жыл!

27 қаңтар сағ. 10.30-да ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Қазақ радиосының ғылымда алатын орны мен зерттелуі» және  қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дикторлық жолы» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясы.

Іс-шараның мақсаты:  радионың ғылыми кеңістіктегі маңызы мен рөлін арттыру. Радио тарихын, радио ардагерлері шығармашылығын кеңінен таныстыру. Күреске толы өмірін болашақ ұрпағына жыр қылып жазып қалдырған ақиық ақын

М. Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапхананың  қорынан М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Модератор: айтыскер-ақын, Қазақ радиосы Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы.

Қатысушылар: С.Жақанова, Б.Мәжитұлы, Б.Атагелдиев, Т.Көпбаев, Ж.Әбді-жәділқызы, О.Ошанова, Ж.Жұбаева, Ж.Мұқағалиұлы және радио ардагерлері.

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты іс-шараға

келетін адамдар саны шектеулі.